Бүгінгі мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ұжым болып тікелей эфирден зор ықыласпен тыңдадық.
Жолдауда еліміздің жаңа тарихи кезеңі басталғаны айқын көрінді. Еліміздің дамуы үшін саяси реформаларға қадамдар жасалды және бірқатар әкімшілік аумақтық өзгерістер болатыны айтылды Семей облысын қайта құру оған ұлы Абайдың есімін беру, Қапшағайға Қонаев есімін ұсыну құптарлық бастамалар. Алдағы уақытта саяси реформалар өз жалғасын табады деп ойлаймын. Ең бастысы Президент ұсынған бастамалар халық игілігі үшін жасалынатыны қуантады.