11 Мамыр 2023
Страницы "Еңбекту жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

Үйірмелер

Атауы Жүктеу
1 Ой Дария клубының жұмыс жоспары 2023 - 2024 оқу жылы  PDF
2 Шаттық театры 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспары DOCX

Анықтама

13 наурыз күні «Менің отбасым» тақырыбында сахналық қойылым өткізілді. Қойылымға 6,7 сынып оқушыларынан құралған  «Шаттық» театырының мүшелері қатысты. Сахналық қойылымның негізгі мақсаты жас өспірімдерің жан - жақты дамуын қалыптастыру. Ата-анамен баланың қарым - қатынасын нығайту болып табылады. Өткізген: «Шаттық» театырының режиссері Тугелова Ә.Б.

Анықтама

12-ші және 13-ші сәуір күндері Әйтеке би аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған "Замандас" халықтық театры " Сахнадан сәлем-3" аудандық театрлар арасындағы фестиваль- байқауы өткізілді. Байқауға Еңбектеу ЖОББМ - нің  "Шаттық" театры қатысып жүлделі І орынға ие болды. Театр мүшелері  алғыс хат, диплом, арнайы кубокпен және 150 000 ақшалай сертификатпен марапатталды. Өткізген: театр режиссері Тугелова Ә.Б

Анықтама

12 қаңтар күні «Ой - Дария» дебат клубының ЛД форматында мектепішілік пікірсайысы өткізілді. Пікірсайыс «Болашақ» және «Кемеңгер» фракция араларында «Қазақстан жастары қаншалықты патриот» атты тақырыбында мектепішілік дебат турнирі өтті. Пікірсайыс нәтижесі бойынша І орынға «Болашақ» фракциясы, ІІ орынға «Кемеңгер» фраксиясы иеленді. Клубтың спикерлері өте керемет ойын көрсетті. Өткізген: «Ой - Дария» клубының жетекшісі: Тугелова Ә.Б

Анықтама

31 қаңтар күні «Ой - Дария» дебат клубының АПФ форматында мектепішілік пікірсайысы өткізілді. Пікірсайыс «Болашақ» және «Кемеңгер» фракция араларында «Жасөспірімдердің интернеттегі мінез-құлқы және қарым-қатынасы» тақырыбында өтті. Клубтың спикерлері өте керемет ойын көрсетті. І орынды «Болашақ» фракциясы иеленіп, ІІ орынға «Кемеңгер» фракциясы ие болды. Өткізген: «Ой-Дария» клубының жетекшісі: Тугелова Ә.Б.


 

Анықтама

Қараша айының 28 күні Әйтеке би ауданында  Ұлт  ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған аудандық  «Қырық  мысал» сахналық қойылым байқауы өтті. Байқауға  Еңбекту ЖОББМ- нің  4 оқушы қатысты. Өгіз бен бақа қырық мысалын сахналады. Бұқаның рөліне : 6-класс оқушысы  Сейсенбай Ілияс , бақаның рөліне: 6-класс оқушысы  Төлеген Жұлдызай,  5- класс оқушысы  Балтабаева Сезім,  Артор рөлінде: Файзулова Жаннұр өнер көрсетті. Байқаудың  қорытындысы  бойынша  Еңбекту ЖОББМ-нің  оқушылары  1- орынға иеленіп, кубок алды. Жетекшісі:  Сағындықова Ж.

Анықтама

28 сәуір  күні Әйтеке би ауданында  білім бөлімінің ұйымдастыруымен  «Ең үздік театр 2023» байқауы өтті. Бұл байқауға Еңбекту ЖОББМ  «Шаттық» театры  Ыбырай Алтынсариннің «Шеше мен бала» әңгімесін сахналады. «Ең үздік театр -2023» байқауында сахналық мәдениеті мен шеберлігін жоғары дәрежеде көрсетіп, III орынды жеңіп алды.   Жетекшісі: Сағындықова Ж.

Анықтама

Ақпан айының 27-28 күні Әйтеке би аудандық мәдениет үйі «замандас халықтық» театрының ұйымдастыруымен  «Сахнадан сәлем-2» аудандық театрлар арасындағы фестиваль байқауы өтті. Бұл байқауға 17 театр қатысты. Еңбекту ЖОББМ –нен «Шаттық» театры «Менің атым қожа» комедиясын қойды. Нәтижесінде:  Алғыс хатпен , Дипломмен, «Үміт» номинациясымен , 15000тг сертификатымен марапатталды.

Анықтама

2023 жылы 2 мамырда  жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында «ДОСТЫҚ, БІРЛІК; ТАТУЛЫҚ» атты аудандық пікірсайыс турнирі өтті.  Турнирге  Еңбекту ЖОББМ –нен  «Болашақ»  фракциясы қатысты.  Бұл турнирде  «Болашақ» фракциясы   мақтау қағазымен марапатталды.

 

 

Жаңалыктар