03 Нау 2021
Страницы "Еңбекту жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы.

Еңбекту сегіз жылдық мектебі 1985 жылы 16 қыркүйекте  ашылды. Онда 118 оқушы білім алып , оларға 13 оқытушы сабақ берді. Мектептің ашылу салтанатына  Қазақстан Компартиясы аудандық комитетінің секретары Ш.О.Ахметова, аудандық  халық ағарту бөлімі методикалық кабинетінің  меңгерушісі Қ.Арызов, халық депутаттары Қарабұтақ селолық Советі атқару  комитетінің председателі Н.Жаңбырбаев, еңбек ардагері Социалистік Еңбек Ері Ж.Ордабаев жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, мектеп оқушылары  мен оқытушыларына жылы лебіздерін білдірді. 1985-1996 жылдары Еңбекту сегіз жылдық мектебін  Оразбаев Бақытжан Ембергенұлы басқарды. 1996-2001 жылдары Еңбекту негізгі мектебінің директоры  Дүйсенбаев Серік Әбдуалиұлы болды. 2002 жылы Еңбекту негізгі мектебі Еңбекту орта мектебі болып құрылды.  2002-2012 жылдары аралығында Еңбекту орта мектебінің директоры болып Қулсарина Маншүк Коканбайқызы атқарды. 2012 жылыдан бастап  директор қызметін Калмурзина Балгул Тугыркызы атқарып келеді.

2018 жылы Еңбекту орта мектебі Еңбекту жалпы орта білім беретін мектебі болып ауыстырылды. Еңбекту жалпы орта білім беретін мектебі шағын жинақталған орта мектеп, 60 орындық. Жалпы ауданы 736 м2, тиімді ауданы 486 м2.

Жаңалыктар