26 Қар 2020
Страницы KZ "Еңбекту жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

Мектеп туралы

Мұғалім саны: 25

Оқушы саны: 60

Асхананың бар болуы: бар

Арнайы кабинеттер: физика, химия, информатика

Мектеп кітапханасындағы кітап қоры: 3540

Интернет қосылған: 2011 жыл

Спортзал: жоқ.

Үйірмелер: тоғызқұмалақ, шахмат, бейнелеу өнері

Мектеп тарихы.

Еңбекту сегіз жылдық мектебі 1985 жылы 16 қыркүйекте  ашылды. Онда 118 оқушы білім алып , оларға 13 оқытушы сабақ берді. Мектептің ашылу салтанатына  Қазақстан Компартиясы аудандық комитетінің секретары Ш.О.Ахметова, аудандық  халық ағарту бөлімі методикалық кабинетінің  меңгерушісі Қ.Арызов, халық депутаттары Қарабұтақ селолық Советі атқару  комитетінің председателі Н.Жаңбырбаев, еңбек ардагері Социалистік Еңбек Ері Ж.Ордабаев жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, мектеп оқушылары  мен оқытушыларына жылы лебіздерін білдірді. 1985-1996 жылдары Еңбекту сегіз жылдық мектебін  Оразбаев Бақытжан Ембергенұлы басқарды. 1996-2001 жылдары Еңбекту негізгі мектебінің директоры  Дүйсенбаев Серік Әбдуалиұлы болды. 2002 жылы Еңбекту негізгі мектебі Еңбекту орта мектебі болып құрылды.  2002-2012 жылдары аралығында Еңбекту орта мектебінің директоры болып Қулсарина Маншүк Коканбайқызы атқарды. 2012 жылыдан бастап  директор қызметін Калмурзина Балгул Тугыркызы атқарып келеді.

2018 жылы Еңбекту орта мектебі Еңбекту жалпы орта білім беретін мектебі болып ауыстырылды. Еңбекту жалпы орта білім беретін мектебі шағын жинақталған орта мектеп, 60 орындық. Жалпы ауданы 736 м2, тиімді ауданы 486 м2.

 

Мектептің  марапатталуы.

2014 жылы оқушылар арасындағы аудандық шаңғы жарысы. 1 орын

2017 жылы Р.Қалиев атындағы  аудан оқушылары арасындағы шахматтан 1 орын.

2019 жылы аудандық «Орта білім беретінт үздік ұйым» гранты конкурсы бойынша  3 орын. 2019 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған аудандық жас педагогтар арасында шахмат турнирінде 1 орын.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш президент күніне ұйымдастырылған жайдарман ойынында «Үздік әзілдер» номинациясы. Диплом.

2019 жылы Қазақсатан Республикасының Тұңғыш президент күніне орай мектепаралық  «Жастар жылы» тақырыбында  жайдарман сайысында «Көрермендер көзайымы номинациясы»

2019 жылы аудандық оқушылар арасындағы шахмат турнирінде 1 орын.

2019 жылы Республикалық шахмат федарациясы ұйымдастырған «Мектептегі шахмат» бағдарламасын іске асыру бойынша конкурста 3 орын.

2019 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен Алғыс хат.

2020 жылы Әлия Молдағұлова атындағы аудандық «Мерген Ару» сайысында 1 орын.

2020 жылы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналаған шахматтан аудан біріншілігінде 3 орын.

2020 жылы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналаған тоғызқұмалақ жарысынан  аудан біріншілігінде 3 орын.

2020 жылы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналаған әскери спорттық көпсайыс жарысынан  аудан біріншілігінде 2 орын.

 

Жаңалыктар